Компания туралы
«Energy Solutions Center» ЖШС «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы болып табылады. Компания жылу және электр энергиясын өндіруге және жеткізуге маманданған.
2027 жылға негізгі жабдықты жоспарлы жөндеу жұмыстары:
- Станциялық №7 БКЗ-75-39 ФБ қазандық агрегатын күрделі жөндеу;
- Станциялық №11 КВТК 100-150 қазандық агрегатын күрделі жөндеу;
- Станциялық №6 Е-90-3,9-440КТ қазандық агрегатын кеңейтілген-ағымдағы жөндеу.
2026 жылы негізгі жабдық бойынша орындалған жөндеу жұмыстары:
- Станциялық №9 БКЗ-75-39 ФБ қазандық агрегатын күрделі жөндеу;
- Станциялық №12 КВТК 100-150 қазандық агрегатын кеңейтілген-ағымдағы жөндеу;
- Станциялық №14 КВТК 100-150 қазандық агрегатын кеңейтілген-ағымдағы жөндеу;
- №3 Н-180м түтін мұржасы.
Реконструкциялау және жаңғырту:
- Қазандық-турбина цехының бас ғимараты;
- шығарындыларды автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу.
Еңбек жағдайлары және қауіпсіздік:
- киім ауыстыратын бөлмелер, себезгілер, жуынатын бөлмелер, арнайы киімге арналған кір жуатын орын;
- әкімшілік-шаруашылық бөлімінің кабинеттері және денсаулық сақтау пункті.
«Energy Solutions Center» ЖШС Екібастұз қаласын энергиямен жабдықтау сапасын жақсарту, ЖЭО жұмысының сенімділігі мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ өз қызметкерлері үшін қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.