«Energy Solutions Center» ЖШС-не бас директор тағайындалды

Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің19.06.2024 жылғы шешімімен Айдарбек Таңсықұлы Қыстаубаев «Energy Solutions Center» ЖШС бас директоры болып тағайындалды.
Қыстаубаев Айдарбек Таңсықұлы 1966 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.
ҚазБСҚА-ны «Жылумен және газбен жабдықтау, қазандық қондырғылары және жылыту, желдету» бағдарламасы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы ГИПРОНИХиммаш ғылыми-зерттеу институтында инженер болып бастады.
Ол жылдар бойы өндіріс орындарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2013 жылдан бастап «Energy Solutions Center» ЖШС-не тағайындалғанға дейін «Самұрық-Энерго» АҚ-да Өнеркәсіп және отын департаментінің бас менеджері болып жұмыс істеді.
Дата публикации: 19 июня 2024